Бос педагогикалық лауазымға орналасуға конкурс туралы ХАБАРЛАНДЫРУ! » Гимн. А.Байтурсынулы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Талас ауданының білім бөлімінің
"Ахмет Байтұрсынұлы атындағы гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72641) 6-02-23
Есепші бөлімі:
+7(72641) 6-02-23
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Бос педагогикалық лауазымға орналасуға конкурс туралы ХАБАРЛАНДЫРУ!
03
ақпан
2025

Бос педагогикалық лауазымға орналасуға конкурс туралы ХАБАРЛАНДЫРУ!


«ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ТАЛАС АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ АТЫНДАҒЫ ГИМНАЗИЯСЫ» КММ

1. «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Талас ауданы
білім бөлімінің Ахмет Байтұрсынұлы атындағы гимназиясы» КММ 
Мекеменің мекен-жайы: Қаратау қаласы, Желтоқсан көшесі  16 үй
Анықтама, байланыс номері: 6-02-23
Электрондық пошта:
ahmet_baitursin2021@mail.кz
2. Негізгі функционалдық міндеттері:
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді, педагогика және психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, үлгілік оқу бағдарламаларын, үлгілік оқу жоспарларын, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларды.
Лауазымдық міндеттері: Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес оқытатын пән ерекшелігін ескере отырып оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асырады. Білім алушылардың жеке қабілеттерін ашуға және дамытуға, тұлғаның әлеуметтенуі мен жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді. Оқытудың әр түрлі нысандарын, тәсілдерін, әдістерін қолданады. Пәннің күнделікті қысқа мерзімді жоспарларын құрады. Оқыту процесіне инновациялық, ақпараттық технологияларды ендіруді қамтамасыз етеді. Білім алушыларды мемлекеттік білім беру стандартында қарастырылған білім, білік және дағдылармен қамтамасыз етеді. Білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және дайындауға қатысады, оны оқу жоспары мен оқу үрдісі кестесіне сәйкес іске асырылуын қамтамасыз етеді. Әдістемелік бірлестіктердің және әдістемелік басқа да іс-шараларға қатысады. Кәсіби біліктілігін жүйелі арттыруды жүзеге асырады. Кәсіби біліктілігін жүйелі арттырады.
1. Ағылшын тілі пән мұғалім лауазымына (15 сағат жүктемесімен)
2.Кандидатқа қойылатын  біліктілік талаптар: пән бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе қайта даярлаудан өткенін растайтын құжаттардың болуы.
3. Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2025 жылдың   3 ақпан 10 ақпан аралығында.
Үміткер кандидаттардан келіп түскен құжаттарды, конкурстық комиссиясының  құжаттарды   қарау мерзімдері: 2025 жылдың 10 ақпан аралығында.
Конкурс өткізу күні: 11 ақпан 2025 жыл
4.Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 22 желтоқсандағы №513 бұйрығына сәйкес жүргізіледі.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде мынадай құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:

      1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

      2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

      3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

      4) Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

      5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

      6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

      7) психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

      8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

      9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

      10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератор немесе педагог-сарапшы немесе педагог-зерттеуші немесе педагог-шебер біліктілік санатының болуы туралы куәлікті (бар болса) немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе айелтс IELTS (IELTS) – 6,5 балл; немесе тойфл TOEFL (іnternet Based Test (іBT)) – 60-65 балл көрсеткіші бар сертификат;

      11) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде екі жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады;

      12) осы Қағидаларға 17, 18-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;

      13) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив