01
қазан
2019
"Қарттарды қадірлеген ел ардақты" тақырыпта қайырымдылық іс-шара
Қашанда үлкенді сыйлау, қарияны құрметтеу дәстүрі - қазақ халқының ата салты екені белгілі. Елімізде қарт адамдарға деген құрмет пен ықылас жыл сайын артып келеді. Соның айқын бір дәлелі ретінде Ахмет Байтұрсынұлы атындағы гимназия ұжымы мен оқушылары "Қарттарым аман сау жүрмісің" атты республикалық акциясы аясында аудандық қарттар үйіне барып, "Қарттарды қадірлеген ел ардақты" атты қайырымдылық іс-шара өткізді. Осындай қайырымдылық акциясына өз үлесімізді қосып, қарттарға қолқанат болуды әрқайсымыз өзімізге борыш санауымыз керек.