"Қауіпсіз интернеттің зияны мен пайдасы" атты тақырыпта пікірсайыс
17 - сәуір күні Ахмет Байтұрсынұлы атындағы гимназияда "Руханият" пікірсайыс клубы мүшеліренің ұйымдасытыруымен "Қауіпсіз интернеттің зияны мен пайдасы" атты тақырыпта 10 сынып оқушылары арасында мектепішілік пікірсайыс өтті. Пікірсайыс негізгі мақсаты: Бүкіләлемдік өрмек - ғаламтордың келтірер пайдасы және тигізер зияны жайында оқушыларға ой сала отырып, өзекті мәселені талқылау; ойды тиянақтау, оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасетттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу.