14
қазан
2020
"Қауіпсіз мектеп автобусы" республикалық акциясы
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы гимназияның бастауыш сынып мұғалімі, 1 "В" сыныбының жетекшісі Тұрғанбек Әсел Ержанқызы "Қауіпсіз мектеп автобусы" республикалық акция аясында "Жарқын бол!" тақырыбында сынып сағатын өткізді. Әсел Ержанқызы оқушыларға жол белгілері туралы түсінік бере отырып, жолда жүру ережелерін сақтау өте маңызды екенін атап өтті. Жол қауіпсіздігі тақырыбында бейнеролик көрсетілді. Сабақтың соңында оқушылардан жол белгілері және жол ережесін қалай сақтау керектігі туралы сұрақтар қойды. Өз кезегінде оқушылар жол белгілері мен ережелерін түсінетіндіктерін көрсетті. Сынып сағаты оқушылар үшін қызықты өтті.
Абзал Еркимбеков
директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Абзал Еркимбеков
директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары