"Ынтымақ,Бірлік,Келісім-Ең Басты Байлық Ел Үшін" » Гимн. А.Байтурсынулы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Талас ауданының білім бөлімінің
"Ахмет Байтұрсынұлы атындағы гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72641) 6-02-23
Есепші бөлімі:
+7(72641) 6-02-23
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » "Ынтымақ,Бірлік,Келісім-Ең Басты Байлық Ел Үшін"
17
қараша
2017

"Ынтымақ,Бірлік,Келісім-Ең Басты Байлық Ел Үшін"

 


"Ынтымақ,Бірлік,Келісім-Ең Басты Байлық Ел
 Үшін"

Мақсаты: 
Қазақстан Республикасындағы халықтардың ынтымақтастықпен,
бірлікпен, тең құқықпен өмір сүріп жатқандығын, Қазақстан Республикасы әлемде ең алғашқы мемлекеттердің бірі болып сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне
алтын бесік болғандығын ұғындыру. Қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге
және халқын құрметтеуге тәрбиелеу басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет-ғұрпын
сыйлауға үйрету.

 

 

 

 

 
 
 
Мұғалімнің кіріспе сөзі
 
Бір қарт өзінің ұлдарына бір бума шыбықты сындыруды
ұсынады.Ұлдары олай әурелеп, былай әурелеп шыбықты сындыра алмайды. Сонда қарт
буманы шешіп, шыбықтарды бір талдап
сындырып көруді ұсынады. Шыбықтар оп-оңай сынады.
Сонда ақсақал қария: "Бірігіп өмір сүрсеңдер, сендерге
ешкімнің әлі келмейді, ал жеке-жеке өз беттеріңмен жүрсеңдер, әр қайсыңды
біртіндеп құртады"-дейді. Әрине, мұның барлығы шындық. Бірлігі жарасқан
елдің болашағы жарқын болады.
"Ынтымақ, Бірлік, Келісім-Ең Басты Байлық Ел
Үшін" Қазақстан азаттық алғалы бері осы ұранды ту етіп келеді. "Ел
бірлігі-ең асыл қасиет". Бірлік, ынтымақ, сабырлылық пен парасаттылық ең
алдымен өзімізге, қазақтарға керек,-деп көрегендікпен Елбасымыз айтқандай біз
сияқты көпұлтты мемлекеттің даму болашағының бір көзі-Қазақстан халықтарының
бірлігі. Қазақстан сияқты мемлекеттің өрендеуінің бір кепілі еліміздегі
ынтымақтастық пен бейбіт өмір.
Сұрақтар:
-Бұл әлемде адамзат баласына ең қажет нәрсе не?
Бірлік,тыныштық,ынтымақ.
-Ал,бірлік,ынтымақ,тыныштық деген сөздердің мәнін
білесіңдер ме?
Ынтымақ деген-татулық,бірлік,достық.Дүние жүзінде соғыс болмаса,тыныштық
 деген сол.Бейбіт күн тыныштық.

-Адамдардың бірлікке келуі,бірлесіп тірлік
жасауы,татулығы үшін қандай қасиеттер қажет?(татулық,достық,ынтымақ,бірлік,
ауызбірлік)
 
Міне балалар,біз ынтымағы жарасқан елміз! Осы орайда мен
сіздерге ой тастау мақсатында бірнеше сұрақтар ұсынғым келіп отыр,осы сұрақтың
төңірегінде өз ойларыңды ортаға сала отырыңдар.
1.Ынтымақ пен бейбітшілік нышаны
2.Ұлттық құндылығымыз сақталып қалу үшін не істелініп жатыр және де
болашақта не істеуіміз керек?
3.Қазақстандағы ұлтаралық татулық көрініс алып жүр ма?
 
 
 
Қорытынды
 
Дөңгелек үстелімізді синквейн әдісін қолдану арқылы қорытындыласақ. Мына
сұлба бойынша синквейн ("бес тармақ" дегенді білдіреді) жазасыңдар.
1.1 зат есім: Ынтымақ 
2.2 сын есім: татулық,ауызбірлік
3.3 етістік: Басын
 біріктіреді,татуластырады,келіседі

4.4 сөзден тұратын сөйлем: Ынтымақ,бірлік-
 достық кепілі.

5.Түйін сөз: Қазақстан-ынтымағы,бірлігі жарасқан ел!
1.Біздің бүгінгі
дөңгелек үстеліміздің тақырыбы не ?
2.Адамдардың
бірлікке келуі,бірлесіп тірлік жасауы,татулығы үшін қандай қасиеттер қажет?
3.Ынтымақта,ауызбіршілікте
болуымыз үшін не істеуіміз керек?
Біз қазақ халқы ынтымағы,бірлігі жарасқан елміз! Сондықтан
да атқаратын игілікті істеріміз халқымыздың болашағын бірлігімізбен берік
етсін!
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 

Похожие публикации:

13 қараша 2017 Мектеп тарихы
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив