29
қазан
2021
Жомарт екен күз деген.
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы гимназия жанындағы шағын орталықта "Жомарт екен күз деген" ертеңгілігі болып өтті. Шағын орталықтың ән-саз жетекшісі Копешбаев Сарсенби, тәрбиешілер Малаева Хадиша мен Аманкелды Ақеркенің ұйымдастыруымен өткен ертеңгілікте бүлдіршіндер ән айтып, би билеп, ойын ойнап көңіл көтерді, сонымен бірге күзгі сән үлгісін көрсетті. Алтын күз бүлдіршіндерге күз сыйын таратты. Мұндай іс-шаралар арқылы бүлдіршіндерге экологиялық тәрбие отырып, табиғатты сүюге оны аялауға тәрбиелейді.







