26
қазан
2020
Ата-аналар жиналысы
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы гимназияда «1 сынып оқушыларының мектептік жүйеге бейімделуі» тақырыбында 1 сынып ата-аналарына арналған жиналыс болып өтті. Жиналыс күн тәртібіне сәйкес, педагог-психолог егентай Сәбира Көпбосынқызы «1 сынып оқушыларын мектепке бейімдеу. Психологтың ата-аналармен кездесуі» тақырыбында баяндама жасап, ата-аналардың сұрақтарына жауап бере отырып, психологиялық кеңес берді. Күн тәртібіндегі келесі мәселеге сәйкес, директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Еркимбеков Абзал Сейтханұлы «Қауіпсіз интернет» тақырыбында баяндама жасады. Сонымен қатар, оқушылардың қашықтан оқытуға байланысты бірқатар, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жиналыс соңында ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.
Абзал Еркимбеков
директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Абзал Еркимбеков
директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары