30
қазан
2020
АДАЛДЫҚ САҒАТЫ
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы гимназияда 1-11 сынып оқушыларына Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен "Ар-намысты арқалаған рухты Бауыржан" тақырыбында онлайн адалдық сағаты өткізілді. Онлайн-дәріс барысында оқушылар полк командирінің батырлық әрекеттері мен өмірлік қағидаларын еске түсірді. Жалпы онлайн дәріс оқушылар үшін өте қызықты және ұлттық рухты оятатын жұмыс болды.
Абзал Еркимбеков
директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Абзал Еркимбеков
директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары