30
қазан
2020
"Бала құқығы - адам құқығы"
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы гимназияда "Бала құқығы-адам құқығы" атты іс-шаралар жоспары аясында ZOOM платформасы бойынша "Бала құқығы-адам құқығы" тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы болып өтті. Ата-аналар жиналысын гимназия директоры Нұрбалтаев Дүйсенбек ашып жүргізіп отырды. директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айнұр Балықбаева ата-аналарға балалардың жалпы сабаққа қамтылуы мен қадағалануы туралы хабарлама жасады. Күн тәртібіне сәйкес, директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Абзал Еркимбеков "Бала тәрбиелеудегі ата-аналардың міндеттері мен құқықтары" тақырыбында баяндама жасады. Педагог-психолог Роза Ерсейтова "Психологиялық кеңес беру" тақырыбында дәріс оқыды. Мектеп инспекторы, полиция аға лейтенанты Лаура Тұрсынхан "Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу туралы" тақырыбында баяндама жасады. Сонымен қатар, "Бақытты бала-бақытты ана-бақытты отбасы-бақытты ел" тақырыбында бейнеролик көрсетілді. ата-аналар жиналысын гимназия директоры Дүйсенбек Кеңесбайұлы қорытындылап, ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
Абзал Еркимбеков
директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Абзал Еркимбеков
директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары