«Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері» » Гимн. А.Байтурсынулы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Талас ауданының білім бөлімінің
"Ахмет Байтұрсынұлы атындағы гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72641) 6-02-23
Есепші бөлімі:
+7(72641) 6-02-23
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері»
19
қараша
2017

«Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері»


 

Сабақтың тақырыбы: «Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері»
Сабақтың    мақсаты:

 

Отан, Қазақстан, туған жер туралы түсініктерін кеңейту. Қазақстан Республикасының рәміздері туралы түсініктерін қалыптастыру.
 Оқушыларды Отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Гимнін қастерлеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.

Әдісі: сұрақ-жауап,әңгіме 
Көрнекілігі: ҚР-ның рәміздері, Президент портреті, слайд, бейне таспа 
                                                Барысы: 

 

 Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі біздің «Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері » атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймын.
 Оқушылар орындарынан тұрып, ҚР-ның Гимнін орындайды.
 Батырлықтың уызына жарыған,
 Ер түркіні байрағынан таныған
 Өзі ақын, өзі әнші халықта,
 Кім айта алар болмаған деп Әнұран.

  Гректің «гимн» сөзі қазақша «ұран», «ұран салу» деген ұғымды білдіреді. Басқа ұлттар секілді қазақ елінің де әрбір ру-тайпасының таңба белгілері, жалауымен қатар, да болған. Елді жау шапқанда жер-жердегі сарбаздарды жинауға ат шаптырып, ұран салады, хабар береді. Кезінде сарбаздарға рух берген, жауға қарсы ерлікпен күресе білуге жұмылдырған. 
 Жүргізуші: Балалар, қазақ халқының «Бізді таныдыңдар ма?» деп, әлемге жар салған Гимнін  әнін жазған, сөзін жазғандар кімдер?

 Оқушылар жауабы. Әні: Шәмші Қалдаяқов
 Сөзі: Нұрсұлтан Назарбаев, Жұмекен Нәжімеденов
 Камила: ҚР-ның Гимнінде   адамға зор рухани әсер ететін күш, өйткені Гимнінде халықтың, ұлттың, мемлекеттің, елдің бірлігінің нышаны бар.

1-оқушы :
Бәрі болған қараң сынды көне 
 Ел белгі де, ерлік өнерде.
 Жаһандағы ең жауынгер халықта,
 Кім сенеді «Ту болмады» дегенге?

 Ту бейбіт кезде құрметпен сақталып, ол тек жаугершілік кезде ғана шығарылып отырған. Тудан айырылу - өліммен тең болған. Өздерімізге белгілі қазақ жеріне көз тігушілер аз болмаған. Сондай бір қиын-қыстау кезеңде ұлы дана бабаларымыз Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би ордабасында кездескеннен кейін, Әбілхайыр хан үш жүздің басын қосып, Бөгенбай батырға қазақтың туын ұстатқан екен.

 2-оқушы :

 

1992 жыл 4 -маусым - тарихи күн. Сол кезде Республика Жоғары Кеңесі тәуелсіз ҚР-ның мемлекеттік Туы мен Елтаңбасын бекітті. 1992 жылы маусым айында тұңғыш президент Н.Ә.Назарбаев ұлт Туына тағзым етті.
 3-оқушы :

 

Ту ортасында күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран, Тудаң сабының тұсында ұлттық өрнек нақышталған тік жолақ көктеп өтеді. Күн шұғыла, қыран, өрнек бейнесі алтын түстес.

4-оқушы :

 

 Бас білгізіп жер тарпығын тарпаңға,
 Жасы тұрмақ шығады екен қарты аңға.
 Қалай оның Елтаңбасы болмайды,
 Түлігіне дейін салса ен-таңба.

5-оқушы :

 

Енді бүгін өлген Туым тірілді,
 Әнұраным жалғап алды ғұмырды.
 Босағада қалып кеткен Елтаңбам,
 Баяғыша төріме кеп ілінді.

Ән: «Жас дәуірдің түлегіміз»
 Жүргізуші: Егеменді еліміз жер әлеміндегі басқа мемлекеттермен терезесі тең өркениетті, ол ретінде өзінің Елтаңбасы мен Әнұранын, Туы мен Жалауын белгілеп, осы бір қасиетті белгілердің мәнін әрбір ұрпақтың терең түсініп, әдептілік рәсімдерін орындау борышымыз деп санауын көздейді.

 Ал, балалар, ҚР-ның Елтаңбасында нелер бейнеленген?
 Оқушылар жауабы: күн сәулесі, көк аспан, шаңырақ, жұлдыз, қанатты тұлпар, бидай сабақтары.

 Олар қандай мағынаны білдіреді?

Көк аспан – кеншіліктің, тыныштық пен биіктіктің белгісі. Ашық аспанға тараған күн сәулелері сәулетті өмір санатын көрсетіп тұрғандай, биіктегі жарық жұлдыз Отанымыздың жұлдызы биіктеп, бақыт жұлдызынан нұр шашып тұрғанын білдіреді.

Елтаңбадағы алтын шаңырақ Қазақстанның «қара шаңырақ» деген қасиетті сөзінен алынып, шаңырақ астындағы халықтар бірлігін талап етіп, халықтың қасиетті шаңырағы биіктеп, отбасына күн ананың жарығын шашып, бақыт жұлдызының нұрын төгіп тұр.
Қанатты тұлпардың баламалық мәні қазақтың аңыз-ертегісінен алынған. Аңыз бойынша, қанатты тұлпарға мінген алып батыр алты қат аспанға ұшып, жеті қат жер астына түсіп, халықты қасіреттен азат еткен. 
Бидай сабақтары – молшылықтың нышаны. Аспан ашық, жұлдызы жарқыраған, шаңырағы биік, жеңімпаз, молшылық елінің перзенті болу.
 Қорытынды.

     Алдағы уақытта тәуалсіз еліміздің шаңырағынан күн сәулесі тарап, кең даласы нанға толып, көлдері көкке күмісткр шашып, тілінің мәртебесі биік болсын!

    Сонымен қорыта келгенде, өзіміздің жерімізді, рәміздерімізді, Отанымызды құрметтеуге және патриоттық сезімімізді нығайты түсуге тырысайық! Туған жер киелі ұғымды әр қазақстандық құрмет тұтуға, оны қастерлеуге міндетті екенін ұмытпайық. «Ел ерімен мақтанар, жер кеңімен мақтанар» деген, елімізді қорғар ер-азаматтар, асыл ұрпақтар, тәрбиелі ұл-қыздар молая берсін.  



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



 


 

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив