30
шілде
2020
Облыс әкімі Б.М.Сапарбаевтың халыққа арналған үндеуіне Талас ауданы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы гимназияның ата-аналар комитетінің мүшесі Өскенбаева Розаның пікірі
Жамбыл облысы әкімі Бердібек Сапарбаевтың өңір тұрғындарына үндеуіндегі тәуелсіз елдің болашағы біздің жастарымыздың қазіргі тәрбиесі алаңдатып отырғаны баршамызға аян. Ел тізгінін қолға ұстайтын, елдің болашағы мен келешегіне сара жол салатын жасұрпақ тәрбиесіне ерекше мән беріліп отыр. «Ел боламын десең бесігіңді түзе», деп заңғар жазушымыз М.Әуезов айтып кеткендей әр бала ананың аялы алақанының жылуын сезініп, әкенің мейірімін көріп өсуі қақ. Тіпті кешкілік бүкіл отбасы жиналғанда өз баласына жылы сөз айтпаса, әрине тас бауыр ұрпақ өсіреміз. Заман талабы деп қымбат телефонға телміріп балаларымыздың тәрбиесін осалдатып алдық па? деп қорқамыз. Керегі жоқ арзан әңгімеге әуес болғанша, халқымыздың, еліміздің болашағы болатын жастарымыз бен сәбилерімізге қолымыздан келгенше қамқорлық көрсетіп отырсақ нұр үстіне нұр болар еді.Облыс әкімінің бұл халыққа арналған үндеуі көпшілікті бей-жай қалдырмауы керек деп ойлаймын.