"Елін сүйген, елі сүйген Елбасы" » Гимн. А.Байтурсынулы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Талас ауданының білім бөлімінің
"Ахмет Байтұрсынұлы атындағы гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72641) 6-02-23
Есепші бөлімі:
+7(72641) 6-02-23
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Елін сүйген, елі сүйген Елбасы"
05
желтоқсан
2017

"Елін сүйген, елі сүйген Елбасы"

"Елін сүйген, елі сүйген Елбасы" 

 Сабақтың мақсаты:  

1. 1-желтоқсан- Тұңғыш Президент күні мерекесінің мәнін ашу.Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы мен шығармашылыққа толы атқарылған істері туралы, туып өскен,оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру; 

2. Қ.Р Президенті Н.Ә.Назарбаев ел үшін жасаған істерін үлгі ету-өнеге ету; 

3.Шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту,оқушыларды өз Отанын, халқын сүйетін азамат болып өсуге елжандылыққа,ержүректілікке,патриоттық сезімге тәрбиелеу. 

 

Барысы: 

1-жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар,оқушылар. 

2-жүргізуші: Қайырлы күн тәуелсіз елдің қадірменді азаматтары мен ұл-қыздары! 

1-жүргізуші: 1-желтоқсан  тұңғыш Президент күніне арналған "Елін сүйген, елі сүйген Елбасы" атты мерекемізге қош келдіңіздер! 

2-жүргізуші: Мерекеміздің ашылу салтанатын мектебіміздің директоры Нұрбалтаев Дүйсен Кеңесбайұлына береміз. -------------------- 

 1-жүргізуші: Бүгінгі мерекемізді әділеттің ақ жолын ту етіп, елінің егемендігін,ынтымақты,тұтастық,бірлікті ойлаған,ұрпақтың саналығына мән берген,ар мен намысты биік ұстаған,әлемдік деңгейдегі ірі  қоғам қайраткері, тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың құрметіне арнағалы отырмыз. 

 2-жүргізуші:Барша халық таныған 

                       Біздің үміт тілекті 

                       Шырқалғанда әнұран, 

                       Шаттық кернер жүректі 

Қ.Р Мемлекеттік Әнұраны орындалады 

  2-жүргізуші: Өлең шумақ 

 

 Хор орындалады 

  

2-жүргізуші: Мемлекет басқару ісі- машақатты да,мәртебелі міндет. Басшы басқарған ел-ең бай мемлекет,халқы ең бақытты халық. 

2-жүргізуші: Біздің Елбасымыз-білімділігімен, парасатты саясатымен,тәжірибесімен бүкіл адамзатты болашаққа бейбіт жолмен жетуге шақырған үлкен  тұлға. Ендеше Елбасымыз туралы видео-роликке назар аударайық. Видео-ролик көрсетіледі. 

  

2-оқушы өмірбаяны туралы айтып тұрады 

  

1-жүргізуші:Тәуелсіздік -рухы күшті ғажап күн, 

                      Артта қалды бодан болған азап күн 

                      Елім,жерім қазағым деп тебіренем, 

                      Өйткені мен тәуелсізбін,азатпын. 

2-жүргізуші:Қазақ елі желбіреп көк байрағың, 

                      Гүлге оранды ауылың мен аймағын 

                      Нұрсұлтаның биіктерге бастады, 

                      Ол көрсеткен нұрлы жолдан таймағын. 

Ән. Сейдакбарова  Ханшайым "Туған жер" әнімен 

 

1-жүргізуші:Халқым айтқан жер көтерер ер даңқын, 

                      Елім айтқан ел көтерер жер даңқын 

                      Президентім,елбасы аман болғай, 

                      Мәңгі жаса,жас қазағым,өр халқым-дей келе оқушыларымыздың елбасына арнаған жыр-шумақтарын қарсы алыңыздар! 

Тақпақ: 

1-оқушы: Болашағы Қазақстанның алдағы, 

                 Орындалсын қазағымның арманы 

                 Елбасымыз Назарбаев Нұрсұлтан,                 Дина апки 

                 Халқымыздың таңдап алған таңдауы 

2-оқушы: Келбетіңнен ізгілік нұр көрінген, 

                 Лебізіңнен ол арманы өрілген 

                 Сенің арқаң-Қазақстан көркейіп,                   Кемер апки 

                 Достық әні шарықтады төрімнен 

3-оқушы: Атыңнан айналайын егемен ел, 

                 Тәуелсіз күнің туды кенеле бер 

                 Мерейің құтты болсын Нұр ата,                      Дина апки 

                 Ғасырдың тойы болшы келе берер 

4-оқушы: Еліміздің тыныштығын ойлайтын, 

                 Халқым менің елбасны қолдайтын 

                 Бәрімізге тыныш өмір сыйлаған,                    Кемер апки 

                 Жасай берсін Назарбаев Нұрсұлтан 

5-оқушы: Ауыр күнді артымызға тастауы- 

                 Қиын сәтте қиындықтан қашпауы                  Айгерім апки 

                 Тілім,дінім,ұлтым қайта көгерген, 

                 Елбасымыз Нұрағаңның бастауы 

                 Туды ұстап тура жолға түсіріп, 

                 Жас Отанның өмірін де түсініп, 

                 "Елім,жерім" деп ұрандап тайсалмай, 

                  Бір керемет жасады-ау кісілік 

__________________ 

    2-жүргізуші: "Шашу " би тобының орындауында- қазақ биі         

 1-жүргізуші: Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың  "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласы ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір,батыл шешімдерге құрылған маңызды құжат. 

 2-жүргізуші: Бұл мақалада сананы жаңғырту,ұлттық болмыстан айырылып қалмай, оны әлемдік құндылықтармен үйлестіріп, Қазақстанның игілігіне жарату жолындағы мақсат-мүдделер туралы өзекті мәселе көтеріліп отыр. Олай болса рухани жаңғыруды қалай түсінеміз? Рухани жаңғыру дегеніміз не? 

Рухани жаңғыру: 

1-оқушы: 

2- оқушы 

 

 Рухани жаңғыру 

 1-жүргізуші: Елбасымыз өзінің үндеуінде Туған жерге айрықша іңкәрлікпен а тсалысу-шынайы патриотизмнің маңызды көрінісі деп атап кетті. Ендеше Туған жерге деген шынайы сезімдерімен оқушыларымыздың көркем сөздеріне назар аударайық. 

Көркем сөз оқиды.  Рамазан             Жансая  

 

2-жүргізуші:   ____ орындауында Көк тудың желбірегені! 

 Қорытынды:  

1-жүргізуші:   Алда әлі ұзақ жол, үлкен асулар бар. Сол асулар мен қиындықты жеңу үшін білектің күші мен найзаның ұшы керек емес. Оған тек жүрек пен білім, талант пен талап керек. 

   2- жүргізуші:: Осы Тәуелсіз елдің намысын қорғайтын,бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін бүгінгі ұрпақ екенімізді сезінейік. 

  

2-жүргізуші:   Осымен бүгінгі іс-шарамызда өз соңына келіп жетті. Қош сау болыңыздар! 

 

    

  

 


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив