1 желтоқсан – Президент күніне орай өткізілетін «Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевқа арналған кештің сценарийі
1 желтоқсан – Президент күніне орай өткізілетін «Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевқа арналған кештің сценарийі
Өткізілетін уақыты: 30.11.2017ж.
Мақсаты:
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың туған жері, ата-анасы, өмірі, еңбек жолы туралы айта отырып, оқырмандарды Отанын, халқын сүюге, Президентін құрметтеуге баулу.
1-жүргізуші:Ассалаумағалейкум, Алты алаштың арда жұрты!
2- жүргізуші:Сәлеметсіздерме, барша көрермен!
ӘНҰРАН
1-жүргізуші:
Ел тірлігі – өмірінің өрнегі,
Ел бірлігі көңіліңді кернеді.
Жарқын ойлар жарқыратып зердені,
Мол мейірім жүрегіңді тербеді.
2- жүргізуші:
Елдің еркін өркен жайып толғаны-
Елбасының ерен жүйрік болғаны.
Халықтың шын құрмет тұтып қолдауы-
Абылай хан әруағының қонғаны.
1-жүргізуші:Елбасына деген үлкен қошеметпен «1 Желтоқсан ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ күніне арналған» кешті бастауымызға рұқсат етіңіздер.
2-жүргізуші: Қазақстан Мемлекетінің ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ күні мерекесіне байланысты құттықтау сөз Ахмет Байтұрсынұлы атындағы гимназия директоры Нұрбалтаев Дүйсен Кеңесбайұлына беріледі.
1-жүргізуші:5 «Ә» сынып оқушысы Махметалы Мейірімнің
«Туған ел» әнің қабыл алыныздар!
2-жүргізуші: 1991 жылы 1 желтоқсанда алғаш өткізілген Президент сайлауында сол кездегі Қазақ ССР-інің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев алдағы бес жыл мерзімге Президент болып сайланған еді. Ол - содан бері Қазақстан Республикасының Президенті.
1-жүргізуші: Мемлекетті басқару кім көрінгенге бұйыра бермейтіні белгілі. Ата – бабаларымыз армандап өткен тәуелсіздікке қол жеткізу кезеңінде Президент болып ел билеу дара таңдаулы адамға ғана бұйыратын бақ болса керек.
2-жүргізуші:Адамның саналы өмірінің шалқар дариясы тұнық тұмалы балалық шақтан бастау алатыны, ер жігіттің бақытының дарағы туған жерден тамыр тартатыны дүйім жұртқа белгілі ақиқат. Олай болса, тарихтың толғақты тұсында тұңғыш рет жаңа тұрпатты тәуелсіз Қазақ мемлекеттілігінің негізін қалаған, ерен тұлға екендігін әлемдік қоғамдастық қапысыз мойындаған Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың туған жері, кіндік қаны тамған кіші Отаны – Алматы іргесіндегі Қаскелең, соған жалғас Шамалған ауылы, оның аржағындағы Үшқоңырдың тауы мен жайлауы.
1-жүргізуші: Қазақстанның болашақ Президентінің балалық шағы осы жерлерде өткен. Сол балалық шағында-ақ бойындағы асыл қасиеттердің алғашқы белгілері бой көрсетіп, бүр жарған. Бұл күндерде әлем таныған ұлт көшбасшысына, бүтін бір халықтың үкілеген үміті мен мақтанышына айналған аса көрнекті саясаткер һәм қайраткер тұлға да бір кездерде бала болған. Балалық арманы сол Үшқоңыр жерінде өткен.
"Балалық щақтың аспаны”киносынан үзінді.
Көрініс:
1-жүргізуші: Таңертенгі шайдын кезі
Сұлтан: Жеңеше, мен бір керемет түс көрдім.
Анасы:Ол қандай түс,балам?
Сұлтан:Мына Алакелдінің жотасына бір қап тұз арқалап шығыппын. Тұзды жотаға алып келгенім сол,ауыл жаққа қарасам менің класым да,мектебім де,мектептегі балаларда осы Шамалған ауылының бәрі төме-е-ен жақтан көрінді.Соны өзім арқалап шығарған тұз толы қаптың үстінен қарапотырып көрдім.
Анасы: Балам сен өте үлкен адам боласыды екенсің,дәрежең жоғары болады,тұз деген жақсы нәрсе Алла тілеуіңді берсін балам. Мансабың жоғары,өрең терен,несібең аса мол,еңсен биік болады екен.
1-жүргізуші:Анасы баласына ақ батасын беріпті.
2-жүргізуші:Міне анасының жорыған түсі дәл келіп,бүгінде аз ғана уақыт ішінде әлемді аузына қаратқан Қазақ елін басқарып,атақ-дәрежесі күллі дүниені шарлап кетті.
1-жүргізуші: Бастауыш сынып оқушыларының елбасына арнауы.
(Бастауыш сынып оқушылары және Көшкінбек Мұрат)
1-2 жүргізуші: Қазақстан Республикасының тұнғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ОЛ:
<!-- [if !supportLists] --> 1. <!-- [endif] --> Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас қолбасшысы
<!-- [if !supportLists] --> 2. <!-- [endif] --> Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы
<!-- [if !supportLists] --> 3. <!-- [endif] --> Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының төрағасы
<!-- [if !supportLists] --> 4. <!-- [endif] --> Қазақстан халқы ассамблеясының төрағасы
<!-- [if !supportLists] --> 5. <!-- [endif] --> «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының төрағасы
<!-- [if !supportLists] --> 6. <!-- [endif] --> Қазақстан Республикасы Ұлттық кеңесінің төрағасы
<!-- [if !supportLists] --> 7. <!-- [endif] --> Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Шетел инвесторлары кеңесінің төрағасы
<!-- [if !supportLists] --> 8. <!-- [endif] --> Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Кәсіпкерлер кеңесінің төрағасы
<!-- [if !supportLists] --> 9. <!-- [endif] --> Қазақстан Республикасы Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңестің төрағасы
<!-- [if !supportLists] --> 10. <!-- [endif] --> Назарбаев Университеті Жоғары қамқорлық кеңесінің төрағасы
<!-- [if !supportLists] --> 11. <!-- [endif] --> Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы
7 «В» сынып оқушысы Мейрамбек Қарақаттың орындалуында
1-жүргізуші: Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2017 жылғы Болашаққа бағдар: Рухани жанғыру бағдармалық мақаласы ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжат.
2-жүргізуші:Бұл мақалада сананы жанғырту,ұлттық болмыстан айырылып қалмай,оны әлемдік құндылықтармен үйлестіріп, Қазақстанның игілігіне жарату жолындағы мақсат-мүдделер туралы өзекті мәселе көтеріліп отыр.Олай болса рухани жанғыру дегеніміз не?
9 «Б» сынып оқушысы Нысанбек Асанәлі
1 «Ә» бастауыш сынып оқушысы Мақсатұлы Мұхаммедтің
орындалуында «Көктудың желбірегені»
ХОР:
1-жүргізуші: Қорытынды: Тәуелсіз Мемлекетті Нұрсұлтандай атамыздың басқарып отырғанына біз қуаныштымыз.Қазақстанның болашағы-білімді жастармен,-дейді Елбасымыз.Сондықтан да оқушылар біздің алдымыздатек қана бір ғана талап,міндет ол білім алу.Білімді болсақ қана біз өз жолымыздан ешқашан адаспаймыз,тура жүріп,түзу өмір сүреміз деп білемін.
Осымен кешіміз аяқталды ҚОШ САУ БОЛЫНЫЗДАР!
АСТАНА - 2012