Тәуелсіз елім – Қазақстан » Гимн. А.Байтурсынулы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Талас ауданының білім бөлімінің
"Ахмет Байтұрсынұлы атындағы гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72641) 6-02-23
Есепші бөлімі:
+7(72641) 6-02-23
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Тәуелсіз елім – Қазақстан
04
қаңтар
2018

Тәуелсіз елім – Қазақстан

Тәуелсіз елім – Қазақстан

1-жүргізуші:

Ассалаумағалейкум, халқым менің

Ардақта дәстүріңді, салтыңды елім

Мереке басы болсын берекенің

Игі еңбек жемісінің бәрін жегін.

2-жүргізуші:

Қайырлы күн құрметті ұстаздар, оқушылар. Желтоқсанның дүмпуімен, қылыштың қыры, найзаның ұшына қасқая қарсы тұрған азамат аға-апаларымыздың арқасында жеткен тәуелсіздік мерекесіне арналған «Тәуелсіз елім-Қазақстан» кешіне қош келіпсіздер!

1-жүргізуші:

Он алтыншы желтоқсан

Ел мерейі тасыған

Қазақ деген қалың жұрт

Бәрін кешті басынан

2-жүргізуші:

Әр қазақтың есінде сақталады

Желтоқсандық өреңдер ақталады

Ел намысын қорғаған сарбаздарым

Ерліктерің мәңгілік сақталады.

1-жүргізуші:

Он алтыншы желтоқсан

Тәуелсіздік алған күн

Ерекше боп мәңгілік

Ел жадында қалған күн

2-жүргізуші:

Бақтың құсы әр адамға қонып бір

О,Тәңірім бізді баққа жолықтыр

Бүгін міне Тәуелсіздік ағайын

Әр қазақтың жүрегі боп соғып тұр.

 

Сөз кезегін мектебіміздің директоры Дүйсен Кеңесбайұлы Нұрбалтаевқа береміз.

 

 1-жүргізуші:

Қарасаң қайда, алыста жақын қырларға

Алдағы күнге астасып жатыр нұрлы арна.

Қаншама ұлттың құт мекені сияқты

Бір өзіңе арналмайтын би бар ма?

 

Кішкентай бүлдіршіндеріміздің « » биін қабыл алыңыздар.

 

2-жүргізуші:

Халқымыздың тарихында ерекше орны бар қасіреті мен ар-намысына,

сонымен бірге мақтанышына айналған-1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы туралы

айтпақпыз.

1986 жылы 16-желтоқсан Алматы қаласында мыңдаған қазақ жастары

наразылықтарын білдіріп шеруге шықты. Олар «Қазақ елінің өз көсемі сайлансын»

деген тілек білдірді. Сол кездегі үкімет басшыларының бұйрығымен күш көрсетілді.

Көптеген жастар түрмеге қамалды. Оларға желтоқсанның ызғарлы күнінде зәбір

көрсетілді. Өз елінің құқын талап етіп шеруге шыққан жастарға «бұзақылар»,

«ұлтшылдар», «нашақорлар» деген кінә тағылды.


1-жүргізуші:

Иә, бұл күнге жету үшін ата-бабамыз қан төкті, жанын берді, бүкіл жеріміздің

тұтастығын сақтап ұрпақтан-ұрпаққа табыс етті. Оның айғағы 31 жыл бұрын ел

намысы үшін жанын құрбандыққа қиған желтоқсандықтар болатын.

Ләззат Асанова,Ербол Сыпатаев, Қайрат Рысқұлбеков.


Тапталмасын деп қазақтың кек, ары,

Тәуелсіздік туын ұстап жоғары.

Топты бастап шықты Ләззат алаңға

Толған еді он алтыға не бәрі.

 1-жүргізуші:

Жалған емес, бұл шындық, дастан әнім

Бостандықтың ол бұзды тас қамалын

Қайрат, Ербол, кешегі Ләззаттардың

Қыршынынан кім қиды жас қанатын?

 

Сахналық қойылым:

 


1-жүргізуші:

Жас арудың жанарында – Желтоқсан

Қанды ғасыр табанында – Желтоқсан

Қаралы өмір қайыстырған халқымның

Қара тұман қабағында – Желтоқсан.

2-жүргізуші:

Жауыздықты жасаған да – Желтоқсан,

Жаңа ғұмыр бастаған да – Желтоқсан

Жазықсыздың көз жасына жуынып,

Абақтыға тастаған да –Желтоқсан.

 

8-сынып оқушыларының жыр-өлеңдері

 

1-жүргізуші: 

Тәуелсіздік қасиетті ұғым бұл

Ей келешек жан-тәніммен ұғып біл

Он бір әріп не мағына береді?

Ал талдайық жеткенінше қызыл тіл

 

Бастауыш сынып оқушыларының «ТӘУЕЛСІЗДІК»сөзінің мағынасын ашу.

 

 2-жүргізуші: Шаттық нұры шашылып зеңбіректен

Шуағын күн төгеді енді көктен

Шылбыр үзді даланың арғымағы

Тәуелсіздік жалауын желбіреткен

 

Ән: «Қазақстан»

 


 1-жүргізуші:

Сүйрік саусақ сағадан

Мың бұралған өрмелеп

Асып-тасып сабадан

Биші кетер дөңгелеп

Би «Қазақ биі»

2-жүргізуші:

Қуан бүгін, қуан халқым, шынында

Ақтарылсын ағыл-тегіл жырым да

Бір құдайдан бірлік қана тілейміз,

Бүгінгі мына тәуелсіздік таңында.

 

Мейрамбек Қарақаттың орындауында «Атамекен» әнін қабыл алыңыздар!

 

1-жүргізуші:

Тәулсіз елдің ұлы өжет,

Қызы- қайратты,

Халқы- қаһарман

Тәуелсіздікті анаңдай ардақта

Балаңдай мәпеле,

Құдайдай құрметте!

Тәуелсіздік үшін тәніңді де,

Қаныңды да,

Жаныңды да аяма!

 

2-жүргізуші:

Елтаңбамыз ажарлы

Ән-ұранымыз әуенді

Асқақ бола түссін!

Елдігіміздің белгісі –

Көгілдір туымыз әрқашан желбірей берсін!!!

 

Хор

 

1- жүргізуші: 

Міне бүгінгі кеште өз мәресіне жетті. Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғры, егемендігіміз баянды болсын!

 

1-2 жүргіушілер бірге:

Мың жаса, Тәуелсіз қазақ елі!!!

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

 


 

 


 

 

 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив