Жаңа жыл кеші. » Гимн. А.Байтурсынулы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Талас ауданының білім бөлімінің
"Ахмет Байтұрсынұлы атындағы гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72641) 6-02-23
Есепші бөлімі:
+7(72641) 6-02-23
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
қаңтар
2018

Жаңа жыл кеші.

 

 

 

 

 

 

 

Жаңа жыл кеші. Қатысушылар: Аяз ата, Ақшақар, Мыстан кемпір, Жезтырнақ, Клоун , Тауық, Ит. Сиқыршы мен Қар ханшайымы (жүргізушілер).


Сиқыршы мен Қар ханшайымы қатып тұрады. Музыкамен жәй-жәй тіріледі.

Перизат (Қар ханшайымы): (жан-жағына қарап таңқалып) Біз қайда келдік? Қандай әдемі балалар,қандай әдемі шырша. Сиқыршы мырза біз қайда тап болдық өзі?

Абзал (Сиқыршы): Соны өзім де түсінбей тұрмын Қар ханшайымы. Мен ешқандай сиқыр жасамаған едім. Оооо, бәлкім шыршаның туылған күні болар, барлығы шыршаны қоршап тұрып алыпты ғой. Бүгін шыршаның туылған күні екен, солай ма балалар?

Перизат (Қар ханшайымы): Жо-жоқ сиқыршы мырза, олай емес. Балалар да сізді қолдамай отыр. Бүгін қателеспесем әр түрлі костюмдер күні, қарамайсыз ба,барлығы әр түрлі киім киіп алған. Бүгін әртүрлі киімдер мерекесі, солай ма балалар?

Абзал (Сиқыршы): Сонда не мереке, шыршаның туылған күні емес, әр түрлі киімдер күні емес, қандай мейрам сонда? Қала жылы дей ме? Бала жылы дейді? Аааааа жаңа жыл ма? Бәрекелді! Олай болса балалар, жаңа жыл құтты болсын! Кешіміздің шымылдығын ашу үшін жаңа жылда жаңа сапарға аттандыратын, әр жылғы түлектерін қимайтын, болашаққа зор үміт сыйлайтын, алтын ұямыздың білікті басшысы Нұрбалтаев Дүйсенбек Кеңесбайұлына ыстық лебізімен ортаға шақырамыз.

Перизат (Қар ханшайымы): Сиқыршы мырза,балалар бізді алдап тұрған сияқты. Жаңа жылдық көңіл-күй сезілмейді ғой. Не жыл кейіпкерлері жоқ, не шырша жанбаған.

Абзал (Сиқыршы): Мен де солай ойлап тұрмын, қайда бәрі. Әлде сендер жеп қойдыңдар ма? Шындарыңды айтыңдар,ә йтпесе барып тексеремін. Сен жеп қойдың ба, жоқ әлде сен жеп қойдың ба? Аууууууу, қайдасыңдар?

Кар ханшайымы: Сиқыршы мырза бұлар кішкентай балалар ғой олардың іштеріне сыймайды ғой, қалай жейді? Одан да сіз сиқырыңызбен ортаға шығарыңыз оларды.

Сиқыршы : Кімдііііііі?

Қар ханшайымы : жыл кейіпкерлерін, яғни жаңа жыл мен ескі жылды.

Сиқыршы: ой мен оларды шығара алмаймын, білмеймін ғой олардың кім екенін. Танымаймын да оларды.

Қар ханшайымы: мәссаған мен де ұмытып тұрмын кім екендерін, балалар сендер білесіңдер ме? Ендеше біз бір ойын ойнайық, қазір ортаға ақылды, зерек,жылдам 4 оқушы шықсын. Ой бәрекелді. Мынау тұрған суреттердің ішінен ескі жылдың кейіпкерін тапсаңдар сол жыл кейіпкері ортаға шығады. Келістік пе балалар? Ал ендеше бастаймыз. Балалар, мына суреттін ішінен ескі жылды көріп тұрсындарма?

Ол қайсы? ................... бәрекелді! Олай болса ескі жылды қарсы алайық!




Жыл кейіпкерін табады. Тауық жылы ортаға шығады.


Тауық: сәлеметсіңдер ме балалар? Жаңа жыл мерекесі құтты болсын! Дендеріңе саулық, отбастарыңа амандық тілеймін. 2017 жылы мен сендерге көп қуаныш алып келдім,әлем елдерін өзіне қаратып еңсесі биік елордамыз Астанада халықаралық EXPO 2017 көрмесі өтті, ажарлы Алматымызда жаһан елдерін жинаған универсиада болып өтті. Келер жылға да осындай табыстар тілеп, орнымды соған беремін.

Сиқыршы: тауық, сен бізбен осы мерекелік кешті өткізіп, құтты орныңды келер жылға табыстарсың. Ал,балалар, келе жатқан жаңа жылдың кейіпкерін ортаға шығару үшін тағы 4 оқушыны шақырамын. Келер жылдың кейіпкерлерін бірге табайық!

Жаңа жыл кейіпкерін (ит) тауып, ортаға шығарады.

Ит: Сәлем, сәлем балақайлар! Жаңа жылдарың құтты болсын! Міне, 11 жылды артқа тастап өздеріңмен қайта қауышқалы қуанып келіп отырмын. Жаңа жылда қуаныштарыңды қорғап, бақтарыңды еселеуге келіп отырмын. Өткен жылғы өкпелеріңді ұмытып, жаңа 2018-жылға қадам басуларың құтты болсын! Осы сәттен бастап 365 күн бойы сендермен бірге боламын достар. Жаңа жылда жаңа табыстарға бірге жетейік!

Қар ханшайымы: қандай керемет! Міне, жаңа жыл да, ескі жыл да ортада. Енді шыршаны да жаға берсек болады. Сиқыршы мырза, шыршаны жағып балаларды қуанта берсеңіз болады.

Сиқыршы: альмомент! Абра-кадабра, сим-салабим, шырша жан.

Қар ханшайымы: ой, шырша неге жанбады?

Сиқыршы: білмеймін, бәлкім сиқырлы таяқшам істемей қалған шығар. Қазір тағы бір рет көрейінші. Абра-кадабра, сим-салабим, шырша жан.

Қар ханшайымы: тағы да жанбады. Бәлкім балаларға ойын ойнатсақ жанатын шығар.

Тауық: жо-жо-жоқ, Қар ханшайымы бұл шырша сиқырға жанбайды. Мұны былтыр мен келгенде Аяз ата жандырған.

Ит: ия, ия мен де 12 жылда бір келгенде Аяз ата жандыратын.

Сиқыршы: еееее, мұны тек Аяз ата жандыра алады екен ғой. Ендеше шақырайық Аяз атаны, қане бәріміз бірге, Аяз ата, Аяз ата, Аяз ата.

Осы кезде Аяз ата мен Ақшақардың киімін киіп алған Жезтырнақ (Аида) пен Мыстан (Малика) кемпір шығады.

Жезтырнақ: сәлеметпе балалар, шақырдыңдар ма? Міне біз де келіп қалдық, ха-ха-ха. Жаңа жылдарың құтты болсын! Өздерің немене киіп алғансыңдар? Біреуің көбелек, біреуің бэтмен, біреуің человек-паук, біреуің тауық. Не бәле мынау?

Мыстан: сәлем бердім балалар!

Аппақ, аппақ, қар аппақ,

Қар жамылған кім аппақ.

Қырау-қырау сен аппақ

Ақ шашы бар мен аппақ,

Аха-ха-ха.

Осылай ма еді, өзі, әй шал?

Жезтырнақ: өй осы тақпақты бір ай жаттап едің ғой, неменеге міңгірлеп тұрсың?

Сиқыршы: тақпақ білмейтін қандай ақшақарсың? Біздің балалар тақпақ та біледі, ән де айтады, би де билейді.

Мыстан: немене, бізді билей алмайды деп тұрсың ба? Билегенде қандай, бидің неше түрін білеміз. Маэстро музыку.

Мыстан мен Жезтырнақ оқушыларды билетеді. «Егер саған ұнаса, қайтала» әні орындалады. Осы кезде клоун жүгіріп келеді. Музыка өшеді.

Клоун: Сәлем балалар! Тезірек жиналыңдар, сендерге бір хабарым бар. Мен сендерге Аяз атадан хат әкелдім.

Қар ханшайымы : қандай хат? Аяз ата баяғыда келіп қойды ғой, Ақшақар екеуі балаларға би билеп берді.

Клоун: жо-жоқ,бұлар Аяз ата мен Ақшақар емес, Аяз ата арнайы мені сендерге жіберді. Аяз атаның сыйлық толы дорбасын біреулер ұрлап әкетіпті, соны тапқанша біраз кешігетінін айтты.

Жезтырнақ: мен, мен шын Аяз атамын. Қараңдар, міне, сыйлыққа толы дорбам да бар.

Мыстан : ал мен ең әдемі ақшақармын. Қараңдаршы, көйлегім қандай әдемі, шашым қандай әдемі.

Сиқыршы: балалар, сенесіңдер ме бұларға?

Қар ханшайымы: мен де жаңадан бері күдіктеніп едім. Бәлкім сыйлық толы дорбаны да осылар ұрлап әкеткен болар?

Жезтырнақ: сен бәріне кінәлісің, Ақшақар секілді сүйкімді бола білмедің.

Мыстан: айттым саған сыйлықты алып кете берейік деп, жооооқ шыршаны ұрлаймыз, балаларды алдаймыз деп осында ертіп келдің. Сенің кінәң бәрі.

Екеуі төбелесе кетеді.

Сиқыршы: сайықмазақ, сен Аяз атаны ертіп кел, сыйлықтар табылды де. Мен бұл екеуін қатыра тұрайын.

Клоун: ал, ендеше мен кеттім, балалар сендер де Аяз ата тез келсін десеңдер барлықтарың бірге дауыстап шақырыңдар.

Қар ханшайымы:балалар бәріміз бірге Аяз атаны шақырайық. Аяз ата , Аяз ата.

Клоун Аяз ата мен Ақшақарды ертіп келеді. 

Сыйқыршы Мыстан мен Жезтырнақты оятады.


Қар ханшайымы: Армысыз Аяз ата, ақсақалым,

Бармысыз сұлу көркем Ақшақарым!

Асыға тағатсыздық сезімменен

Күтуде тек сіздерді барша қауым.












Аяз ата: Уа, жұртым, жиналған,

Көңілдерің дүр маржан

Айналайын ұлдардан

Айналайын қыздардан.

Аяз ата, Ақшақар

Жетті жолдан қиналған.

Ештеңе емес барлығы

Алдымыздан күлді арман.

Мықтылығым мәлім ғой өтіп кеткен жылдардан.

Жаңа жылға асыға

Өттім асу, шыңдардан.

Ән сап, тақпақ айтыңдар

Шаршамаймын тыңдаудан.

Ақшақар: сәлем бердім, балақайлар, тәттілер

Күтіп жүрдім осынау бір сәтті де.

Жаңа жыл кеп қуанышқа бөледі

Осы еді ғой мына бізге керегі.

 

Сиқыршы: Аяз ата біз сіздің сыйлықтарыңызды ұрлап кеткен Мыстан мен Жезтырнақты ұстап алдық. Жезтырнақ, Мыстан сыйлықтарды қайтарыңдар.

Мыстан: біз сыйлықтарды жәйден жәй қайтармаймыз, балалар бізге тақпақ, ән айтып берсін, сосын қайтарамыз.

Қар ханшайымы: келісесіңдер ме балалар?

Тақпақ пен ән орындалған сон Мыстан мен Жезтырнақ Сыйлықтарды қайтарып береді.

Сиқыршы: аяз ата мыстан кемпір сыйлықтарды қайтарып берді ғой, сіз оларды кешіресізбе?Олар да бізбен бірге қалып жаңа жылды өткізсін.

Аяз ата: әрине кешірем. Жаңа жылда кешірімді болу керек. Жаңа жылда ұрысып қалғандарың болса бір-біріңмен табысыңдар, өкпелеріңді өткен жылға қалдырып кетіңдер.

Абзал: ойбууууууй бағанадан бері біз сізді шыршаны жағады деп күтіп отыр едік. Бізге шыршаны жағып беріңізші.

Аяз ата: ал балалар, ендеше шырша жансынба?! Олай болса «Кәне шырша таңырқат, Шамдарыңды жарқырат» 3 рет айтады.

Шырша жанады.

Ақшақар: бәріміз бірге шыршаны айналайық!

Шырша әні орындалады. «Тамаша» әні орындалады.

Қар ханшайымы: міне, аяз ата мен Ақшақар да ортада, шырша да жанды. Енді алаңсыз ән салып, би билеуге болады.

Аяз ата: балалар, алдымен ескі тауық жылын қошеметпен шығарып салайық! Ырзығы мол тауық жылына мың да бір рахмет.


Тауық: барлықтарыңа рахмет, Мен сендермен әр таңды құт-құттап бірге атырып, жақсылыққа шақырып, мерейлеріңді асырып, әр күнді қуанышпен қонақтап батырып өткіздім. Сендерді қимай тұрмын, бірақ жаңа жыл да келіп қалды, сендермен қоштасатын уақыт та міне таяп қалды. Сендерді жаңа жылдарыңмен құттықтап келесі тауық жылына дейін қоштасамын. Жаңа жылдарың тағы да құтты болсын! Қош-сау болыңдар!

Барлығы бірге: сау бол тауық жылы. Сау бол!

Сиқыршы: қанеки ән айтатын, би билейтін, тақпақ оқитын балалар, ортаға шығып өнерлеріңді көрсетіңдер.

Ақшақар: ия балалар, ұялмай, қысылмай өнер көрсетсеңдер Аяз ата сендерге сыйлық

береді. Қане асығыңдар, әйтпесе дорба босап қалады. 

Балалар ортада тақпақ, ән орындайды, өнерлерін көрсетеді.

Аяз ата: менің достарым сайықмазақтардың да дайындаған ойыны бар екен, қане кім шығады ортаға.

Клоун: балалар біз сендермен қызықты бір ойын ойнаймыз.Ол үшін бізге Аяз ата сіздің таяғыңыз керек.Осы шеңбер бойынша Аяз атаның таяғын бір-бірімізге береміз,музыка тоқтағанда таяқ кімнің қолында қалып қояды,сол өзінің өнерін көрсетеді. Дайынсыңдар ма балалар? Ендеше бастаймыз.

Музыка ойналады.

Клоун: балалар сендерге ойындар ұнады ма? Ендеше кім жеңді? Әрине достық жеңді.

Сиқыршы: ой, бәрекелді! Қандай қызық ойындар! Балалар да шеттерінен өнерлі екен!

Аяз ата: ал балалар, сендермен бірге ойнадық, сендердің әндеріңді тыңдадық. Жарайсыңдар, барлығың өнерлі екенсіңдер. Бізге әлі талай жол жүріп, талай ауылды аралау керек. Келер жылы жүздескенше қош сау болыңдар! Жаңа жыл тағы да құтты болсын! Міндетті түрде хат жазып тұрыңдар!

Ақшақар: жаңа жылдарың тағы да құтты болсын, балалар! Сабақтарыңды жақсы оқып, келер жылға дейін тағы да ән-жырларыңды дайындап қойыңдар. Қош сау болыңдар.

Сиқыршымен Қар ханшайымы: қане балалар аяз ата мен ақшақарды шығарып салайық. Сау болыңыз!

Қар ханшайымы: сиқыршы мырза, Аяз ата мен Ақшақар кетіп көңіл-күйім түсіп қалды. Қимай тұрмын өздерін.

Сиқыршы: уайымдама қар ханшайымы, тағы да бір жыл өтер де кетер, келер жаңа жылда тағы да жүздесеміз ғой. Біз де енді балалармен қоштасып үйге қайтайық.

Қар ханшайымы: ия достар,біздің де үйге қайтар уақытымыз таяп қалды. Келесі жүздескенше аман-сау болыңдар балалар!

Сиқыршы: бүгінгі жаңа жыл кеші сендерге ұнады ма? Ендеше бәріміз бірге естелік суретке түсіп, қоштасайық. Біз сендерді сағынатын боламыз. Қош сау болыңдар!

 

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив